Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қазан айына дейін Резервке іріктеу жүргізілді. Құжаттарды қабылдау кезеңінде жобаның ресми сайтында 31 859 адам тіркелді, бұл еліміздің жас мамандары тарапынан жобаға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.
Төртінші іріктеудің басты жаңашылдығы – мемлекеттік аппарат үшін аса сұранысқа ие салалық бағыттар бойынша Резервті қалыптастыру болды. Кандидаттар белгіленген квоталарға сәйкес қабылданды:
- «инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты» бағыты бойынша – 8 адам;
- «агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша – 9 адам;
- «сыртқы саясат және инвестициялар» бағыты бойынша –
8 адам; - «экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша –
7 адам; - «цифрландыру» бағыты бойынша – 9 адам;
- «әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам» бағыты бойынша – 9 адам.
Жаңадан қабылданған резервшілердің толық тізімі pkrezerv.gov.kz жобаның ресми сайтында жарияланды.
Резервке алынған сәттен бастап үш жыл ішінде резервшілер саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, сондай-ақ «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.